Студенттер vs Педагогтер: Баянауыл көпсалалы колледжінде шашки марафоны өтті
2026 жылғы 1 қазанда Баянауыл көпсалалы колледжінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған онкүндік аясында тартысты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. «Студенттер vs Педагогтер» шығармашылық-спорттық марафоны концепциясына сәйкес, білім алушылар мен оқытушылар арасында шашкиден тартысты турнир өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ТжКББ жүйесінің бірыңғай миссиясы мен құндылықтарын ілгерілету, колледж ішіндегі бірлікті қалыптастыру, педагогтер мен студенттер арасындағы өзара құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын нығайту болып табылады.
Логика мен тактиканы талап ететін шашки бәсекесінде ұстаздар өздерінің ақыл-ой мен тәжірибедегі артықшылықтарын көрсетсе, студенттер жастық жігерлері мен шапшаң шешім қабылдау қабілеттерін байқатты. Сайыс өте қызықты әрі достық жағдайда өтті.
Бұл марафон білім беру процесінің барлық қатысушыларын ортақ мақсатқа жұмылдырып, колледждегі корпоративтік мәдениетті жаңа деңгейге көтерді.