Студенттердің психологиялық ахуалы – назарда
5 қазан күні Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттердің эмоционалдық жағдайын анықтау және оқу ұжымындағы психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында кешенді іс-шара өткізілді. Шара аясында колледж психологы Әйгерім Қанатқызы білім алушылар арасында арнайы психологиялық тестілеу ұйымдастырды.
Жүргізілген тестілеу студенттердің бейімделу деңгейін, көңіл-күйін, стресске төзімділігін және өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік берді. Тексеру қорытындысы білім алушылардың жеке сұраныстары мен психологиялық қажеттіліктерін тереңірек түсінуге негіз болды.
Тестілеу нәтижелерін мұқият талдағаннан кейін, Әйгерім Қанатқызы алдын алу және психологиялық қолдау жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асырды. Студенттерге эмоцияны басқару, оқу процесіндегі күзелісті еңсеру және өзара сенімді қарым-қатынас орнату бойынша пайдалы кеңестер мен психологиялық көмек көрсетілді.
Мұндай жүйелі іс-шаралар колледжде жайлы, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға зор ықпал етеді. Студенттердің ментальды денсаулығын нығайту мен эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету – білім ордасының басты басымдықтарының бірі болып қала береді.