Таза Қазақстан
Бүгін Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, ұлттық парк мамандары, Баянауыл жастары мен Павлодар облысының еріктілері белсенді қатысты. Жалпы экологиялық акцияға 1000-нан астам адам қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Акция барысында отырғызылған ағаш көшеттері алдағы уақытта өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл аймақтарды көбейтуге және биоалуантүрлілікті сақтауға оң әсерін тигізеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.